kanat_umbetovАссалаумағалейкүм!
Сіз(дер)ді *11 желтоқсан*, сағат *19:00* де *АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ "PARK HALL"* мейрамханасына /ҚАЗАҚСТАН қонақ үйі/ Абай көшесі 172/
мерекелік дастарханымыздың қадірлі қонағы болуға *шақырамыз!!!*
Құрметпен, *ӘГУГАЙ* ұжымы.
kanat_umbetovСазды әуендерді сүбелі сөздерімен сәндеп жүрген Саят ақынның бүгінгі шығармашылық кешінен бір көрініс. Есті әндердің есте қалуына себепкер болып жүре бер досым. Талайларды тәнті ететін тың туындыларды күтеміз өзіңнен. “Жалғызым-ай” жалғыз қалмай жалғасын табады деген үміттемін 😉✊! Кешің құтты болсын!
kanat_umbetovЕл мақтайтындай, қыз жақтайтындай бауырым Асылжанның @asylzhan.abdulla туған күні бүгін. Өміріңмен де өнеріңмен де өскелең ұрпаққа өнеге болып қалыптаса бер. Халықтың асылы, Қазақтың Асылжаны болып аламанда дес бермейтін сәйгүліктің бірі бол. Қажырлы еңбегің еселеніп, асыл арманыңның биігінен көріне бер. Тұғырға тіккен туың ешқашан жығылмасын. Бай бол, бар бол, ең бастысы бақытты бол! Туған күнің құтты болсын Аскобай 😉✊!
kanat_umbetovҰнамаған келіндерден құтылудың небір әдісі бар екен ғой, болашақ енелерге күшті "шпаргалка" 🤣 Қысқасы, YouTube желісіндегі @toiduman.kz каналынан КешYOU тобының "Сертің қайда?" деп аталатын бейнебаянын тамашалаңыздар! Тікелей сілтеме @keshyou_official профилінде ✌🏻
kanat_umbetovҚұрметті Алматы қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Сіздерді 24-ші қараша, Алматы қаласы, Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтетін Наркенже Серікбаеваның @narkenjeserikbaeva__ "Ақ қанат арман"атты ән кешіне шақырамыз.
Кеш қонағы:Мақпал Жүнісова.@zhunusova.makpal
Кеш жүргізушісі:Бекжан Тұрыс.@bekzhan_turys
Керемет кештің куәсі болыңыздар!
Барлық сұрақтар бойынша және ақпарат алу үшін админ.@baglan_aimedia
Байланыс телефондары:+7 747 388 22 18; +7 701 476 40 06